Өзбекстан Бас прокуратурасында валюта және салық қылмыстарымен күрес жөніндегі департамент басшысы Жахангир Эгамов Ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 31 қаңтарда Қызметке басшы болып тағайындалған Ихтиёр Абдуллаев 2015 жылдан бері Бас прокуратураны басқарып келген.
Есімін атауды жөн көрмеген өзбек шенеунігінің мәліметіне қарағанда, ҰҚҚ-ның тергеу басқармасы басшысы да өзгерген. Бұл қызметке Аброр Абдуллаев тағайындалды. Ол бұған дейін Ташкент қаласы прокурорының орынбасары болып істеген.
Ізірге ресми баспасөз, Бас прокуратура да кадр өзгерістері туралы ештеңе хабарламады. Биыл қаңтарда президент Шавкат Мирзияев Ұлттық қауіпсіздік қызметінде ауқымды өзгерістер бастады. 31 қаңтарда Рустам Иноятов осы қызметтің басшылығынан алынды.