Ол Мәскеудегі Шереметьево әуежайындағы төлқұжат тексеруінен өткен. Ол "Новая газета" редакциясына алғысын білдіріп, өзін қолдаған адамдарға рақметін жеткізді.
Өткен аптада Мәскеуде Басманный соты Ферузға үшінші елге кетуге рұқсат берді. Осыған дейін Мәскеу қалалық соты журналисті депортациялау жөніндегі шешімнің күшін тоқтатып, шетелдік азаматтарды ұстау мекемесінде тұруға шешім шығарған.
22 қаңтарда Жоғарғы сот оны елден шығару жөніндегі шешімнің күшін жойып, Ферузға қатысты істі қайта қарауды тапсырған.
Былтыр тамыз айының басында Худоберди Нұрматов (Феруздың шын аты-жөні) Мәскеуде ұсталған. Оны миграциялық заңды бұзды деп айыптады. Феруз болса, өзін Өзбекстанға депортациялайтын болса, террористік ұйымдармен қатысы болды деп айыптап, түрмеде азаптайды деп қарсылық білдірген. Ол бірнеше жылдан бері Ресейден саяси босқын мәртебесін алуға талпынып келді.