Ссылки доступа

Қырғызстанда Сириядағы "жанкешті дәрісінен" өткен күдікті ұсталған


Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) террористік ұйымның мүшесі - қырғыз азаматын ұстаған.

МҰҚК мәліметінше, ұсталған күдікті республикада террорлық акт жасау үшін, Сириядағы арнайы "жанкешті дәрісінен" өткен.

Оған қарсы Қылмыстық кодекстің 226-4 (азаматтың әскери қақтығыс алаңында болуы немесе террорлық дайындықтан өтуі) және 375 (жалшылық) баптары бойынша іс қозғалған.

Ұсталған күдікті МҰҚК-нің тергеу абақтысында қамаған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG