16 ақпанда Тұрсынбаев сотта соңғы сөзін сөйлеген.
Ахмад Тұрсынбаевтың көлік сататын «Чиноз Авто Хамкор» фирмасы адамдарға пайызбен ақша беріп және 100-200 пайызбен ақша қайтарамыз деген жарнамасынан кейін кең танымал болды. Бүгінде оның салымшылары бірнеше ондаған мың адам. Ақша, көлік және бағалы заттар қабылдаған фирма, халыққа ешқандай кепіл хат бермеген.
Кәсіпкердің өзі 2016 жылдың жазында ұсталған. Содан бері Ташкенттің ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу абақтысында отыр.
Биылғы жылдың 31 қаңтарында "Өзбекстан 24" арнасы кәсіпкердің қаржы пирамидасына тігілген 105 көлік иелеріне қайтарылды деп хабарлады.