Ссылки доступа

Ташкентте Тәжікстанның жаңа елшілігі салынады


Өзбекстан астанасының орталығынан Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратына арналған жер бөлінді. Құрылыс тәжік бюджеті есебінен қаржыландырылады.

Тәжік ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, дипломатиялық өкілдіктің негізгі ғимаратынан бөлек, мұнда тәжік дипломаттары тұратын үйлер және басқа да қажетті инфрақұрылымдар салынады.

Құрылыс пен ауданды аббандандыру жұмыстары Тәжікстан бюджетінен қаржыландырылады. Бұл құрылысқа бөлінген қаражат көлемі әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG