Бұған дейін РБК агенттігі, Дағыстан үкіметіндегі дереккөзгі сүйене отырып, шабуылдаушының есімін атаған еді. Басылым мәліметіне қарағанда, бұл шабуылды 22 жастағы Халил Халилов жасаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының "астыртын бөліміне" кірген.
РБК-ның хабарлауынша, Халилов жиһадшыларға өткен жылы қосылған болуы мүмкін. Дегенмен оның есімі арнайы қызмет базасында тіркелмеген болып шықты.
Жексенбі күні кешкісін Халилов Кизляр православ шіркеуіне кіре берісте оқ атқан. Шабуыл салдарынан бес адам оққа ұшып, тағы бесеуі жараланды. Шабуылдаушыны Ресей ұлттық гвардиясының қызметкерлері атып өлтірді.