Ссылки доступа

Қырғыз парламенті Қазақстанда ұсталған депутат ісіне араласпайды


Қырғыз парламенті мен оның спикері депутаттар ісін тергеу араласпайды. Қазақстанда ұсталған қырғыз депутаты Дамирбек Асылбек уулу төңірегіндегі мәселеге қырғыз парламентінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ибраим Нуракун уулу осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл іс Жогорку Кенешке емес, депуттаттың өзіне ғана қатысты. "Депутатқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу немесе сот жүрып жатса, Жогорку Кенеш пен оның спикері бұған араласпайды. Кінәсі дәлелденген жағдайда, депутат жазасын өзі тартады", - Нуракун уулу.

"Қырғызстан" парламенттік фракциясы кезектен тыс жиналыс өткізген. Фракция хатшылығы атап өткендей, Дамирбек Асылбек уулу Қырғызстан мен Қазақстан атынан күрестен жарыстарға қатысып, спорттың осы түрінің дамуына үлкен үлес қосқан.

"Алдын ала мәлімет бойынша, депутаттың айыптауларға қатысы жоқтығы туралы ақпарат бар. "Қырғызстан" фракциясы сыртқы істер министрлігі мен құқыққорғау органдарымен тығыз байланыс ұстап отыр. Біз бұл істі Қазақстанның құзырлы органдары заң аясында, Қырғызстан азаматтарының құқықтарын бұзбай зерттейде деп сенеміз", - делінген хабарламада.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі және Жемқорлықпен күрес жөніндегі Ұлттық бюро 15-16 ақпанда Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында арнай операция жүргізді. Соның нәтижесінде 29 адам ұсталған. Олардың арасында кеден және құқыққорғау органдары қызметкерлері, брокерлер, қылмыс әлемінің өкілдері бар делінеді. Арнайы қызмет ұстағандар арасында Қырғызстанның төрт азаматы, соның ішінде парламент депутаты Дамирбек Асылбек уулу да болған.

XS
SM
MD
LG