Ссылки доступа

Өзбекстан автокөліктерді жалға беру қызметін ашады


Бұл туралы Өзбекстанның туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Мұндай қызмет Ташкент, Бұхара, Самарқан және Хорезм қалаларында тәжірибе түрінде ашылады.

Хабарларға қарағанда, автокөліктерді бірнеше сағатқа немесе бірнеше айға дейін жалға береді. Шетел азаматтарына көлікті жалға алу үшін төлқұжатпен бірге халықаралық нұсқадағы көлік жүргізу куәлігі қажет болады.

Өзбекстан азаматтары, шетел туристері автокөліктерді нотариалдық рәсімдеусіз, ішкі істер органының тіркеуінсіз 30 күнге дейін жалға ала алады.

Автокөліктерді жалға беру қызметі Өзбекстан президентінің "Ішкі туризмді дамытуды жеделдету шаралары туралы" қаулысына сәйкес қолға алынған.

XS
SM
MD
LG