Ссылки доступа

Ресей: Сирияда Ресей және ТМД азаматтары қайтыс болып, жараланды (видео)


Сирияда таяуда болған қақтығыстан Ресейдің және ТМД елдерінің ондаған азаматы жараланды, қаза тапқандар да бар. Бірақ бұлардың ресейлік армияға қатысы жоқ. Осылай деп Ресейдің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

"Әскери қақтығыстың" болған күнін атамаған мекеме "Ресей Федерациясы әскери қызметкерлері бұл қақтығысқа қатыспады әрі штаттық техникалық құралдар қолданылмады" деп отыр. "Бірнеше ондаған жараланған азаматтар Ресейге қайтарылды. Олар қазір әртүрлі медициналық мекемелерде ем қабылдап жатыр" делінген СІМ таратқан мәлімдемеде.

Осының алдында АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалиция Евфрат жазығында Башар Асад режимінің жақтастарына қарсы әуе соққысын жасағанын мәлімдеген. АҚШ әскерінің мәліметі бойынша, шамамен жүзден астам адам қаза тапқан.

БАҚ әртүрлі дереккөзге сүйеніп, жүзге жуық сарбаздың қаза тапқанын, олардың дені ресейлік "жеке әскери компанияның" жауынгерлері екенін хабарларған. Азаттықтың орыс қызметінің мәліметі бойынша, 200-ге жуық адам қаза тапқан. Ондаған адам Ресейдің госпиталдарына жеткізілген. Ресей СІМ алдын бұл ақпараттарды шындыққа жанаспайды деген.

XS
SM
MD
LG