Феруз қазір Гёттингем қаласында тұрып жатыр. Жақында ол төлқұжат пен осы елде тұруға рұқсат алады. Журналист Германиядан кеткісі келмейді, неміс тілін үйреніп, кәсіби қызметін жалғастыруды көздейді.
Биыл тамыз айында Худоберди Нурматов (Феруздың шын есімі) Мәскеуде ұсталған. Оны көші-қон заңдарын бұзды деп айыптады. Феруз туған елі - Өзбекстанда террористік ұйымдармен байланысы бар деп айыптап, азаптап өлтіреді деп мәлімдеген. Бірнеше жыл бойы ол Ресейде босқын мәртебесін алуға талпынды.
15 ақпанда Әли Феруз Германияға ұшып шықты. Бұның алдында Мәскеудегі Басман соты Ферузға Ресейден үшінші бір елге кетуіне рұқсат берген.