Ссылки доступа

Киевте көпірден секіріп кеткен түркімен студентінің денесін іздестіріп жатыр (видео)


В Киеве студентка из Туркменистана прыгнула с моста. Ее семья обвиняет руководство университета
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:51 0:00

Киевте құтқарушылар жоғалып кеткен Түркіменстан студенті Мукаддас Насырлаеваның денесін іздестіріп жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша, студент қыз университеттегі мәселелерге байланысты көпірден секіріп кеткен. Киев прокуратурасы "кісі өліміне дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Медициналық университет басшылығы күдікке ілінген. Мукаддас жоғалып кеткен күні онымен сөйлескен декан орынбасары қызметтен шеттетілді. Киев прокуратурасының мәліметі бойынша, 30 қаңтарда Мукаддас Насырлаева университеттен шыққан соң метроға отырған, одан кейін Днепр өзеніне секіріп кеткен. Көпірден секіру сәті бақылау камераларына түсіп қалған.

"Біз терең шұңқырларды да қарап шықтық, өкінішке орай, ештеңе табылмады", – деді Украина төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі құтқарушылары басшысының орынбасары Юрий Билецкий.

Дүйсенбі күні кешке қыздың рюкзагы табылды, оны ағыс алып кеткен. Студенттің туыстары университетте қызды өлімге дейін апарған деп отыр. Мукаддас стомотология бөлімінде білім алған. Оның виза мерзімі аяқталған, создыру уақыты бітіп, студент бұл елде заңсыз тұрған. Бірақ ол лекцияларға барып, сессиясын тапсырған.

Студент қыз визаны ұзартуға қажетті құжаттарға қол қойдыру үшін деканатка барған. "Қыз жылап шыққан. Қолында жыртылған өтініші болған. Проректор өтінішпен таныспай тұрып, ешқандай құжатқа қол қоймайтынын айтқан", - деді адвокат Ровшанбек Розметов.

Мукаддастың туыстары Түркіменстаннан Киевке келді, бірақ олар журналистермен сөйлескілері келмейді.

Университет ішкі қызметтік тексеру жүргізетінін хабарлады.

XS
SM
MD
LG