Ссылки доступа

Тәжікстанда есірткі сатқандарды ұстап берген тұрғынның өзі қысымға тап болды


Тәжікстандағы Пенджикент ауданының тұрғыны есірткі сатқандар туралы ақпарат беріп, істе куәгер болғаны үшін қысымға ұшырағанын айтты.

Пенджкент ауданындағы Фороб ауылының 47 жастағы тұрғыны Муртазо Зубайдовтың айтуынша, бір жыл бұрын ол құзырлы органдарға есірткі саудасымен айналысатын екі адам туралы мәлімет берген. Соның негізінде тексеру операциясы жүргізіліп, төрт адам ұсталған. Ақпарат берушінің есімі құпия сақталуы керек болған. Бірақ бұл іске оның қатысы барын күтіктілер бірнеше айдан соң біліп қойған.

"Менің есімім аталмайды деген еді. Бірақ іс сотқа берілген соң, судья айыптау үкімін оқығанда менің есімім аталған. Енді мені бәрі "ешкі" деп атайды. Менімен ешкім сөйлеспейді. Мені "сатып" кеткен қызметкер жазалауын сұрап арыздандым, бірақ ешкім жазаланбады. Мен азаматтық борышымды атқардым, бірақ жағдайым қиындап кетті", - деді Зубайдов.

Қышлақта құқыққорғау органдары күдіктілерді ұстаса болды, тұрғындар оны Зубайдовтан көретін болған. "Менің анамның сіңлісінің баласын экстремизм күдігімен ұстады. Мені куәгер ретінде шақырды. Мен ештеңе білмейтінімді айттым. Бірақ бәрі оны мен "ұстап берді" деп есептейді. Енді туыстарым менімен араласпайды", - дейді ол.

Қазір Муртазо Зубайдов Душанбеде жүр, бас прокуратураға және президент аппаратына шағымданғысы келеді.

Фороб қышлағының бір тұрғыны ұсталған төрт азаматтың екеуі жазықсыз жазаланды дейді. "Біз заң барын түсінеміз, бірақ жалған ақпараттың негізінде жазықсыз жандарды ұстағанын көріп, көңіліміз қалды. Адамдар ұсталғандардың екеуі жазықсыз кетті деп жүр", - деді ол.

XS
SM
MD
LG