Ссылки доступа

Черногорияда ер адам АҚШ елшілігіне граната лақтырды (видео)


Черногория полициясы және АҚШ мемлекеттік департаменті бейсенбіге қараған түні Подгорицада белгісіз ер адам АҚШ елшілігі жанында өзін жарып жібергенін растады. Полиция мәліметінше, ол көшеден елшілік ғимаратына қарай граната лақтырған.

Елшілік ғимаратында ешкім зардап шекпеген. Бірақ ер азаматтың өзі қаза тапқан. Оның кім екені әзірге белгісіз.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша түн ортасында болған. Мемлекеттік департаменттің ресми өкілінің айтуынша, қазір диломатиялық миссия өкілдері полициямен оқиғаның мән-жайын жіті тексеріп жатыр.

Взрыв на территории посольства США в Черногории (Подгорица)
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:59 0:00

"Елшілік қазіргі кезде қызметкерлердің қауіпсіздігіне көз жеткізу үшін ішкі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деп жазды твиттерге мекеменің баспасөз қызметінің жетекшісі Хизер Нойерт.

2017 жылы Черногория НАТО мүшесі болды. Бұл шешім Кремльге ұнамаған. Ресей мен Черногория арасы балқан билігі ресейлік Эдуард Шишмаковты елдегі үкіметті құлатпақ болды деп айыптағаннан кейін күрт нашарлады. Прокуратура мәліметінше, Ресейдің бас барлау басқармасының агенті 46 жастағы Шишмаков Черногорияның НАТО-ның құрамына кіруіне кедергі келтірмек болып, елдің премьер-министрі Мило Джунаковичқа қастандық жасамақ болған.

Бұрын Югославия құрамында болған шағын ғана Черногория мемлекеті былтыр мамырда НАТО-ға қосылған. Черногориядағы және Балқан түбегіндегі ресейшіл адамдар елдің НАТО-ға қосылуына қарсы шыққан.

XS
SM
MD
LG