Ссылки доступа

Қырғызстан соты журналистке президент пайдасына 5 млн сом төлеуді міндеттеді


Қырғызстанның Жоғарғы соты президент Сооронбай Жээнбековтің шағымы бойынша журналист Кабай Қарабековке шығарылған аудандық сот шешімін күшінде қалдырды. Енді Қарабеков мемлекет басшысына бес миллион сом (73,5 мың АҚШ доллары) төлеуі тиіс.

Сот шешіміне пікірін білдірген журналист «сот мақалада ағайынды Жээнбековтердің қайсысы туралы айтылғаны жөнінде анықтап жатпады» деді.

«Мақалада оның президент екені айтылмайды. Бұл мәселе барлық инстанцияларда ашық қалды. Мұнан бөлек моральдық өтемақының көлемі жөнінде де сол күйі ашық қалды. Айлыққа күн көріп жүрген адамдарға үлкен көлемде ақша төлеуді талап етеді», - дейді Қарабеков.

Былтыр қыркүйек айында «24.kg» ақпарат агенттігі «Сочиге сапар. Мұрагердің несімен жақсы екенін Кремльге тағы түсіндіреді» деген тақырыппен мақала жарияланды. Сол кезде президенттікке үміткер Сооронбай Жээнбековтің сайлауалды штабы мақаланы «жеке басқа тіл тигізді» деп санап, сотқа берген.

XS
SM
MD
LG