Ссылки доступа

Тәжік-өзбек шекарасында тағы бес өткізу бекеті ашылады


Самарқанд пен Соғды облыстарын жалғастыратын «Саразм-Жартеп» бақылау-өткізу бекеті.
Самарқанд пен Соғды облыстарын жалғастыратын «Саразм-Жартеп» бақылау-өткізу бекеті.

Тәжікстан билігі Ташкентке тәжік-өзбек шекарасынан тағы да бес бақылау-өткізу бекетін ашуды ұсынады. Бұл жөнінде Тәжікстанның Соғды облысы кеден қызметі басқармасының басшысы Бахром Исматуллоев мәлімдеді.

Оның сөздерінше, өткізу бекеттерін қайта жаңартумен арнайы комиссия айналысып жатыр. Екі мемлекет үкіметі арасындағы келісімге сәйкес, Тәжікстан Канибадамнан "Равот", Истаравшаннан "Уротепп", Зафарободтан "ДЭУ - 58", "Зааамин" және Ашт ауданынан "Навбунёд" бақылау-өткізу бекетін ашуды ұсынған.

«Қазір Соғды облысында кеден қызметі басқармасы өткізу бекеттеріне уақытша вагоншалар орнатып жатыр. Алдағы уақытта азаматтарға барлық жағдай жасалынады әрі ветеринарлы және фитосанитарлы бақылау орнатылатын болады», - деп мәлімдеді облыстық кеден қызметі басқармасының өкілі Ахмадджон Бобоев.

18 ақпанда Өзбекстанның Самарқанд және Тәжікстанның Соғды облысын жалғайтын «Саразм-Жартеп» бекетіндегі халық арасында «Каримов дуалы» деп айтылып кеткен кедергіні бұзған.

Осыған дейін тәжік-өзбек шекарасында 16 өткізу бекеті жұмыс істеген. Оның тоғызының халықаралық мәртебесі бар.

XS
SM
MD
LG