Ссылки доступа

Түркіменстанда 3 миллион тал егеді


Биыл түркімен билігі 3 миллион тал екпекші. Ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 9 ақпанда қалаларды көгалдандыру науқанының басталғаны жөнінде жарлыққа қол қойған.

Осының артынша көктемгі көшет отырғызу үшін Ашхабад және Балқан облысы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен ақша жинау да басталғаны хабарланды.

Азаттықтың түркімен қызметінің Ашхабадтағы дереккөзі бірқатар кәсіпорынның қызметкерлеріне көшелерге ағаш отырғызу үшін, өздерінің есептерінен демалыс алуларын талап еткенін айтады.

Аты-жөнін құпия ұстауды жөн көрген дереккөздің сөздерінше, орман шаруашылығы шенеуніктері биыл әрбір жұмысшы он күннен үш рет демалыс алуларына болатынын хабарлаған.

"Көңілдері толмаған жұмысшыларға мемлекет басшының жарлығымен жаңа тәртіптің енгізіліп отырғанын ескерткен. Бірақ жарлық мазмұнымен жұмысшыларды таныстырмаған", - дейді Азаттықтың дереккөзі.

XS
SM
MD
LG