Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1994 жылы туған жұмысшы 21 ақпанда Жезқазған кен байыту фабрикасында "аралық станция гаражына кабельді барабанды орау кезінде" жарақат алған.
"Жарақаттанған жұмысшы Жезқазған қаласындағы медициналық орталыққа жеткізілген. Науқас операция кезінде қайтыс болды", - делінген баспасөз қызметінің бейсенбі күні таратқан хабарламасында.
Компания жұмысшы жазатайым оқиға нәтижесінде жарақаттанған деп есептейді. Оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды.