Ссылки доступа

Өзбекстанның Тәжікстандағы жаңа елшісі қызметіне кірісті


Өзбекстанның Душанбедегі жаңа елшісі Эргаш Шоисматов Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджиддин Асловқа сенім грамотасын тапсырып, қызметіне кірісті. Бұл туралы Тәжікстан сыртқы істер министрлігі 23 ақпанда хабарлады.

Эргаш Шоисматов дипломатиялық жұмысына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Душанбеге сапары қарсаңында кірісіп отыр. Өзбек басшысы көрші елге наурыз айының басында барады деп жоспарланған.

Өзбекстанның Тәжікстандағы бұрынғы елшісі Шокосым Шоисламов жаңа қызметке тағайындалды. 14 жыл елшілік қызмет атқарған ол Өзбекстан президенті аппаратында сыртқы саясат саласында жұмыс істейді.

Эргаш Шоисматов 1951 жылы туған. Ташкент политехникалық институтта білім алған. 1996-2001 жылдар аралығында Өзбекстан энергетика және электрификация министрі болды. 2001-2006 жылдары "Өзбекэнерго" мемлекеттік акционерлік компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2006-2010 жылдар аралығында өндіріс мәселелері жөніндегі вице-премьер болды. 2014 жылы ақпанда Республикалық энергетика саласы жұмысшыларының кәсіподақ одағының төрағасы қызметін атқарды. 2016 жылдың желтоқсанынан "Uztransgaz" басқарма төрағасы болды.

XS
SM
MD
LG