Ссылки доступа

Түркіменстанда мемлекеттік қызметкерлер жаппай велосипедке отырып жатыр (видео)


Түркіменстанның мемлекеттік мекемелері биыл велосипед жарысына кемінде 3-6 адам жібереді. Жарысқа дайындалу үшін мемлекеттік қызметкерлердің бәрі велосипед сатып алуы тиіс. Осылай деп Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі хабарлайды.

«Кәсіпорын қызметкерлері жарысқа қатысатын әріптестеріне велосипед сатып алу үшін ортадан ақша шығарып жатыр. Түркіменстанның өзінде екі доңғалақты арба шығаратын зауыт жоқ, біреуінің құны 3000-4000 манат (850 доллар) тұрады», – деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Жұмыстан шығып қаламыз деп қорқатын мемлекеттік қызметкерлер сөзге келместен, ақша жинап жатыр екен.

Сәуір айында өтетін веложарысқа мемлекет басшысының өзі қатыспақ. Мұндай шара алғашқы рет 2015 жылы ұйымдастырылған. Содан бері жыл сайын өтіп келеді.

Түркіменстан халқы жаттығу жасап жатыр

XS
SM
MD
LG