Ссылки доступа

Ферғанада тәжік-өзбек шекарасы бойынша келіссөз өтті


Ферғанада 24 ақпанда тәжік-өзбек үкіметаралық комиссиясының мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау бойынша кезекті келіссөзі өтті.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, мәжіліс екі елдің үкімет басшылары Абдулла Арипов пен Кохир Расулзоданың қатысуымен өткен.

«Кездесу барысында өзбек-тәжік мемлекеттік шекараларының жоба сызығын талқылаған. Қысқа мерзімде екі ел делимитациялау мәселесінде ортақ шешімге келді», - деп атап өтеді Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Тараптар бірқатар екіжақты құжаттарды да қарап, өзара келісімге келген. Аталған құжаттарға биыл наурыз айында Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияевтің Тәжікстанға сапары барысында екі ел президенті қол қояды деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG