Ссылки доступа

Түркіменстанда Visa картасына қызмет көрсету тоқтатылды


Түркіменстан банк өкілдерінің хабарлауынша, елде Visa карталарына ақша салу, оны шетелде шешіп алу, сонымен бірге картамен есептесу тоқтатылды.

Сенагат банк және Мемлекеттік Сыртқы экономикалық банк қалыптасқан жағдайды Азатлык радиосы тілшісіне түсіндіріп берді. Банк шененуіктерінің хабарлауынша, қаңтардың екінші жартысынан бастап Visa карталарымен қаржы операцияларын жасау тоқтатылды.

"Шетелде көп пайдаланылатын Visa карталары бізде толық тоқтатылды. Картаға ақша салуға келгендерден ақша қабылдамай жатыр. Мұндай шектеулер қашанға дейін созылатындығын айтпай отыр", - деді банк қызметкері.

Азатлык тілшісінің хабарлауынша, балалары шетелде оқитын Түркіменстан азаматтары 300 долларды шетелге аудару үшін “MoneyGram” және “Western Union” қызметтерін пайдаланады.

"Қазір банктің орталық кеңселерінде кезек көп. Мысалы, Сенагат банктің орталық кеңсесі маңында 400-500 адам тұр. Оларға өте баяу қызмет көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады Ашхабад тұрғыны, жазушы Аманмурат Бугаев.

Бұл уақытта Қазақстанда оқитын студент Азатлык радиосының тілшісіне Visa картасы жұмыс істемей тұрғанын растады. Студенттің айтуынша, ол Түркіменстанның сыртқы экономика банкімен хабарласқан, қаржы мекемесінің қызметкерлері карта шетелде жұмыс істемейтінін айтқан. "Жұмыс істемейтін студенттерге бұл жағы өте қиынға түсіп жатыр", - деді Қазақстанда оқитын студент.

XS
SM
MD
LG