Ссылки доступа

Өзбекстан мигранттарға арнайы пойыздар мен автобустар шығарады


Өзбекстан билігі Қазақстан мен Ресейге жұмыс істеуге баратын азаматтар үшін жаңа маршруттар ашады. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары еңбек министрінің орынбасары Закир Умаровқа сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, бұл үшін Өзбекстан президенті қаулысының жобасы дайын тұр. Құжат жақын күндері қабылданады.

Президент Шавкат Мирзияевтен тапсырма алған үкімет тиісті мекемелерге ақпанның аяғына дейін халықаралық бағытта жолаушы автобустарын ұйымдастыруды жүктеген. Хабарларға қарағанда, Бұхара облысынан ресейге тұрақты автобус рейстерін шығару жақында президенттің аймаққа сапары кезінде сөз болған.

"Автобус бағыттары ғана емес, Қазақстан мен Ресей аймақтарына жолаушы пойыздарын ашу көзделіп отыр. Ол үшін Ресейдің темір жолдарымен келіссөздер жүріп жатыр", - деп түсіндірді шенеунік.

Дәл осындай жұмыс Өзбекстан ұлттық әуе тасымалымен де атқарылып жатыр. Өзбекстан басшысы әуе компаниясына халықаралық рейстерге төмен бағаға сатуға рұқсат берді. Соған байланыс Қаржы министрлігіне арзан билеттер сататын әуе компанияларына салықты азайту механизмін қарастыру тапсырылған.

Қазақстан мен Ресейге жұмыс істеуге баратын өзбек еңбек мигранттары ақша үнемдеу үшін автобустарға отырады. Мигранттар мінген автобустар апатқа жиі ұшырап жатыр.

XS
SM
MD
LG