Ссылки доступа

Куляб қаласы төтенше жағдайлар штабының басшысы өлі күйінде табылды


Азизмад Юсупов
Азизмад Юсупов

Тәжікстандағы Кулыб қаласы төтенше жағдайлар штабының басшысы Азизмад Юсупов 19 ақпанда көпқабатты үйдің жертөлесінде асылып тұрған жерінде табылды. Марқұмның туыстары офицердің өзіне қол жұмсағанына сенбейді.

Юсуповтың туысы Далержон Бобоевтың айтуынша, офицер сымға асылып тұрған. "Оның аяғы еденге жетіп тұрды. Аяқ киімінде және еденде ешқандай із жоқ. Мойнына сымды орып тастаған", - деді ол.

"Прокуратурада маған ұлым асылып өлген деді. Мен бұған сенбейтінімді айттым. Жертөле биік емес, кісі басы тиіп тұрады. Баламды әуелі тұншықтырып өлтіріп, жертөлеге асып кеткен", - деді марқұмның әкесі ​Солех Юсупов.

Юсуповтың әйелі Мавзуна Бухориева да күйеуінің өзіне қол жұмсады дегенге сенбейді. "Үйге келіп, бесіктегі қызын бірнеше мәрте сүйді. Сосын баласын сүйді. Төсек салып қоюын сұрап, көшеге шығып кетті", - деді ол.

Дегенмен Куляб қаласы құқыққорғау органындағылар Юсуповтың асылып өлуіне әйелінің туыстарымен араздығы себеп болған деп отыр. Сот медицналық сарапта марқұмның қанында алкоголь барын анықтаған. Сол себепті тергеушілер капитан асылып өлген деген нұсқаны ұсынып отыр.

Куляб құқыққорғау органындағы дереккөздің мәліметіне қарағанда, "бұның алдында Юсупов әйелінің бауырларымен төбелесіп қалған. Юсуповпен бірге болған екі адам жараланған. Сол түні Юсупов ішіп алып, ваннада өлгісі келген. Әйелі бұны байқап қалып, оны құтқарып алған. Кейін екеуі қатты ұрысқан, әйелі ата-анасының үйіне кетіп қалған. Үйінде жалғыз қалған Аззмад екінші мәрте өзін өлтіруге әрекет еткен".

XS
SM
MD
LG