Ссылки доступа

Тәжікстанда мұсылмандарды балағаттаған шенеунікті жұмыстан шығаруы мүмкін


Тәжікстанның президент жанындағы мемлекеттік қызмет агенттігі Рудаки ауданындағы Чоряккорон ауылындағы мешітке келушілерді балағаттаған шенеунік Шокир Холдоровты жұмыстан шығаруы мүмкін.

Рудаки ауданының әкімдігі Холдоровты жұмыстан шығару туралы ұсынысын жіберген.

Өткен жылы қазан айында Интернетте мешіт ауласына жиналғандарды Холдоровтың балағаттағаны көрсетілген видео тарады. Шенеунік былапыт сөздер қолданған.

Ауыл тұрғындары қоғамдық орында былапыт сөздер айтқаны үшін шағымданатынын ескерткен. "Арыздана беріңдер! Мен сендердің барлықтарыңды салафит деп жариялаймын", - деп жауап берген Шокир Холдоров.

Шенеунік бұл сөздері үшін кешірім сұрағанын айтқан. Сол кезде оған 500 сомони (55 доллар) айыппұл салынған еді.

XS
SM
MD
LG