Денау қаласының тұрғыны 21 ақпанда ұсталған. Оның қалтасынан 4,6 грамм есірткі табылды.
Тергеу барысында 29 жастағы З. Имамов есірткіні "Умари Одил" мешітіндегі имам көмекшісі А. Мелибоевтан алғаны анықталды.
Мелибоев ұсталған соң, құқыққорғау қызметкерлері есірткінің ірі саудасымен айналысқан С. Кенжаевті қолға түсірді. Оның үйінен 10 кг 7,17 грамм наша және 3 кг 675, 37 грамм марихуана табылған.