Ссылки доступа

Путин Шығыс Гутада жарияланған гуманитарлық бітімді сақтауға шақырды


Дети в Восточной Гуте, 25 февраля 2018

Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгуға Шығыс Гутада гуманитарлық бітімнің күнделікті сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Күнде сағат 9-дан 14-ке дейін атыс тоқталуы тиіс. Бұл уақытта халыққа көмек көрсетіліп, жаралылар соғыс аумағынан шығарылады.

24 ақпанда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Шығыс Гутада 30 күндік бітім жариялау туралы қарарды бірауыздан мақұлдады. Бүгін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жанжалдасушы тараптардан "тез арада" 30 күндік бітім енгізуді талап етті.

Бұған дейін Ресей тараптар қарарды орындауға келіскен жағдайда ғана бітім енгізуге болатынын мәлімдеген еді.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жыл кеңесінің жыл сайынғы сессиясын ашқан Гутерриш гуманитарлық мекемелердің Шығыс Гута анклавындағы жаралыларды эвакуациялап, көмек жеткізуге дайын екенін айтты. "Шығыс Гута бұдан әрі күте алмайды. Жер шарындағы бұл тозақты доғаратын уақыт келді", - деді Гутерриш.

Сириялық адам құқықтарының бұзылуын тіркеу орталығының мәлімдеуінше, 26 ақпанда әуе соққылары мен атыстардан тоғыз бейбіт тұрғын опат болды. Бір күн бұрын халыққа қарсы хлор қолданылды, деп хабарлады адам құқығын қорғаушылар. Мәскеуде Кремльдің өкілі Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, Шығыс Гутадағы жағдай алаңдатып отыр, ал "терроршылар" жергілікті тұрғындарды "кепілде" ұстап отыр.

XS
SM
MD
LG