Ссылки доступа

Сауда байланысының артуынан өзбек-қырғыз шекарасында кезек көбейген


Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы "Достық" шекара бекетінде соңғы кезде жолаушылар саны бірнеше есеге көбейген. Бұл екі ел арасындағы сауда айналымының артуымен байланысты деп хабарлайды Қырғызстанның шекара қызметі.

«Екі жақта да кезек көп. Күнделікті жағдайда адамдар мен көлік құралдары көп. Негізінен таңертең және түстен кейін артады. Сосын базар күндері әдеттегіден тыс көп болады», - делінген мекеме таратқан хабарда.

Шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, "Достық" өткізу бекетінен қосымша кабиналар ашылған. Жыл басынан бері 10 кабина жұмыс істеп тұр. Шекарадан тәулігіне кемінде 7 мың адам өтеді.

Жақын күндері тағы да төрт кабина ашуды жоспарлап отыр екен.

2017 жылдың қыркүйек айында Өзбекстан Қырғызстан шекарасындағы барлық кедергілерді алып тастады. 7 жыл бойында екі елдің халқы сауда қарым-қатынасы түгілі туыстарымен байланыс орната алмаған.

XS
SM
MD
LG