Ссылки доступа

Тәжікстан: туған қызын зорлады деген күдікті ұсталды


Соғды облысында туған қызын зорлады деген күдікпен прокуратура тарапынан тергелген ер азамат қашып кетпек болған жерінен ұсталған.

Тәжікстан ІІМ мәліметінше, 40 жастағы Гулистонда тұратын Мирзо Алимов 24 ақпанда тергеуден кейін қашып кетпек болған.

Оны ұстау операциясы жарияланып, келесі күні Худжанд қаласынан табылған.

Соғды облысының құқық қорғау органдары сот медициналық сараптамадан кейін, туған қызын зорлады деген күдік расталса, оған ресми айып тағылып, қылмыстық іс қозғалады. Бұл оқиға кәмелетке толмаған қызының аяғы ауырлап, анасы ауруханаға апарғаннан кейін мәлім болған. Күдікке туған әкесі ілінген.

XS
SM
MD
LG