Ссылки доступа

Түркіменстан аймақтарында ұн және нан тапшылығы байқалады


Азаттықтың түркімен қызметінің аймақтағы тілшісі Дашогуз облысында ұнды адам басына 5 келіден ғана сатып жатыр деп хабарлайды.

Бұл ақпаратты жергілікті тұрғындар да растайды. Кейбір дереккөзге қарағанда, ұн тапшылығынан 2008 жылы жасалған, мерзімі өтіп кеткен ұндарды да саудаға шығарған.

Мары облысында да ұн тапшылығы байқалады. Онда әрбір отбасына тек бір қап ұннан ғана сатып жатыр екен.

"Әрбір отбасында орташа 4-5 адам бар. Бір отбасыға 50 келіден ғана ұн сатады. Егер бір отбасында 10-12 адам болса, оларға бір қап ұн жетпейді", - дейді Мары тұрғыны.

Түркіменстан халқы былтыр желтоқсан айынан бері азық-түлік тапшылығын көріп келеді. Билік пен мемлекеттік БАҚ бұл жөнінде ашық хабар таратпайды.

XS
SM
MD
LG