Ссылки доступа

Қырғызстанда фильмге порнографиялық көрініс қосуға тыйым салды


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі фильм өндірісіне бірқатар талап қоятын кинематографияға мемлекеттік қолдау көрсету заңына енген өзгерістерді мақұлдады.

Өзгеріске сәйкес, фильм концепциясы қолданыстағы конституцияны күштеп өзгертуге, тәуелсіздік пен мемлекеттің аймақтық тұтастығын бұзуға, соғысты насихатау мен зорлық-зомбылыққа шақырмауы керек.

Фильмдер мазмұнында ұлтаралық, этникалық, нәсілдік, әлеуметтік араздық, діни егес болмауы тиіс. Фильмге порнографиялық көріністер көрсетуге тыйым салынады.

2016 жылдың қазанында Қырғызстанда порнографиялық көріністері бар фильмдер прокатына шектеу қойылған. Мұндай көріністердің заңға сәйкестігін мекемеаралық сарапшылар комиссиясы анықтайды.

XS
SM
MD
LG