Ссылки доступа

Ташкентте журналист Бобомурод Абдуллаевтың ісі бойынша тыңдау өтті


Ташкент қалалық сотында, 5 наурызда журналист Бобомурод Абдуллаев, блогер Хаёт Насреддинов, кәсіпкерлер Равшан Салаев пен Шавкат Оллоеровқа қатысты сот отырысы басталады. Бұл жөнінде Өзбекстандағы тәуелсіз құқық қорғаушылардың бастамашыл тобы жетекшісі Сурат Икрамов хабарлады.

Ол сотта Бобомурод Абдуллаевты адвокат Сергей Майоров қорғайтынын айтады.

«Бұл адамдар Қылмыстық кодекстің 159-бабы бойынша айыпталып отыр. Қазір Ташкенттегі тергеу абақтысында қамауда», – делінген құқық қорғау ұйымы таратқан хабарламада.

44 жастағы Абдуллаев «конституциялық құрылымды бұзып, билікті күшпен тартып алмақ болды» деп айыпталады. Сот егер оны кінәлі деп тапса, 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу ісі бойынша, Абдуллаев Усман Хакназаров деген лақап атпен оппозициялық саясаткер Мұхаммад Салихтың сайтында мақала жазып тұрған.

Блогер Хаетхан Насреддинов былтыр қазан айында Ұлттық қауіпсіздік қызметі тарапынан ұсталған. Ол банк жүйесі жайында сыни мақала жазып тұрған.

Кәсіпкерлер Равшан Салаев пен Шавкат Оллоеров былтыр қыркүйек айында ұсталған. ҰҚҚ болжамы бойынша, олар биліктегі жағдай туралы журналист пен блогерге ақпарат беріп отырған.

Құқық қорғаушы Икрамовтың сөздерінше, тергеу барысында айыптаушылардың барлығын азаптаған.

XS
SM
MD
LG