Ссылки доступа

Тәжікстанда есірткі саудасымен айналысатын топ лидері 18 жылға сотталды


Тәжікстанда трансұлттық есірткі саудасы қылмыстық тобының лидері Мусалмон Холов 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі 21 ақпанда шыққан. Қылмыстық топ құрамы 9 адамнан тұрған. Олар Ауғанстаннан Тәжікстан арқылы Ресейге есірткі тасымалымен айналысқан.

​Душанбедегі Фирдауси аудандық сотының судьясы Әлішер Мавлонзода айыпталушы төрт адам да 15 жылдан 18 жылға дейін түрме жазасына кесілді деді. Қылмыстық әлемнің лидері Мусалмон Холовпен бірге Диловар Гулмирзоев, Далер Гулмирзоев және Фарход Шукуров та сотталған.

Есірткіні бақылау жөніндегі агенттік директорының орынбасары Муртазо Хайдарзода Мусалмон Холовтың былтыр тамыз айында ұсталғанын мәлімдеді. Оның сөздерінше, соңғы екі жылда Ресей аумағында есірткі саудасымен байланысы бар деген 163 тәжік азаматы ұсталған.

Есірткіге қарсы агенттіктің мәліметінше, олар Viber және WhatsApp мессенджерлері арқылы байланысып, есірткі саудасы үшін ақшаны Киви-әмиян немесе банк арқылы алып отырған.

XS
SM
MD
LG