Ссылки доступа

Қырғызстан мешіттерінің бірінде екі ер адам пышақ ұстап төбелескен


Қырғызстан милициясы Ош облысы Өзген ауданындағы мешіттің бұрынғы имамына жасалған шабуылды тексеріп жатыр. Ішкі істер департаментінің мәліметінше, 26 ақпанда Красный Маяк ауылындағы мешітте 40 және 64 жастағы екі ер адам пышақ қолданып төбелескен. 64 жастағы ер адам жарақат алған.

Алдын ала тергеу ісі бойынша,төбелес садақадан түскен ақшаны жымқырды деген айыптаудан туған.

Ош облысының қазысы Самидин Атабаев төбелес садақадан туындады дегенді жоққа шығарады. Біреуі бұрын сотталған екен.

Жәбірленуші Ош облыстық ауруханаға жеткізілген.

XS
SM
MD
LG