Ссылки доступа

Майкл Роджерс: Ресей сайлауға араласқаны үшін әлі "жоғары құн" төлеген жоқ


Құрама Штаттар Ресейдің америкалық сайлау процесіне араласқаны үшін "жоғары құн" төлеу үшін ешқандай шара қолданған жоқ деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (ҰҚА) жетекшісі, адмирал Майкл Роджерс.

Роджерс Қарулы күштер жөніндегі сенат комитетінде сөз сөйлеген. Ол Ұлттық қауіпсіздік агенттігінен бөлек, АҚШ-тың киберәскер қолбасшылық штабын басқарады. Адмиралдың мәлімдеуінше, ол қолында ресейлік кибершабуылға қатысты мәліметтерді ұсынып келеді. Бірақ Ақ үй ресейлік электронды желіге қарсы жауап беруге оған қосымша уәкілеттік бермеген және құрал-жабдықтарды жетілдіруді де тапсырмаған.

ҰҚА басшысының мәлімдемесіне орай Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Сандерс "Роджерсқа ешкім кедергі жасап жатқан жоқ" деп мәлімдеді. Ол ресейлік кибершабуыл президент Обама болып тұрған кезде басталғанын мәлімдеді.

Таяуда NBC News телеканалы америкалық барлау қызметіндегі жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме келтіріп, АҚШ-тың арнайы қызметі 2016 жылғы президент сайлауы кезінде жеті штаттың сайлау штабына ресейлік хакерлердің шабуыл жасағанына дәлел тапты деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG