Ссылки доступа

Әндіжанда жеке үйде газ жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды


Иллюстративті фото.
Иллюстративті фото.

Әндіжанда жеке үйлердің бірінде газ жарылып, 10 жастағы баланың денесі 65 пайызға күйік шалған. Оны ауруханаға ауыр жағдайда жеткізген. Жарылыс болған үйдің көршілері қыс бойы газдың жүйелі берілмегенін айтады.

Әндіжанның құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жарылыс дүйсенбі күні орын алған. Себебі құбырдан газ шыққан.

"Қазір бізге газды да, жарықты да үзіп-үзіп беріп жатыр. Газ ашық қалған. Бала абайсызда жарықты қосып қалған кезде, жарылыс болды. Бұл кезде үйде баладан басқа ешкім болмаған. Баланың аты Абдулазиз. Оны ауыр жағдайда ауруханаға алып кетті", – деді жарылыс болған үйдің көршісі.

Әндіжан медициналық бірлестіктің қызметкері 10 жастағы Абдулазиздің өмірі үшін күресіп жатқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG