Ссылки доступа

Өзбек түрмелерінің кураторы болған ҰҚҚ полковнигі Тоймуроз Алимов ұсталды


42 жастағы ҰҚҚ полковнигі Тоймуроз Алимов.
42 жастағы ҰҚҚ полковнигі Тоймуроз Алимов.

Өзбекстанда 42 жастағы арнайы қызметтің полковнигі Тоймуроз Алимов ұсталды. Ол қазіргі кезде өмір бойы түрме жазасын өтеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы төраға орынбасары Шухрат Гулямовтың арнайы тапсырмасын орындаушы болған.

Тергеу ісіне жақын дереккөздің мәліметіне қарағанда, Тоймуроз Алимовқа қатысты "Қасақана кісі өлтірді", "Қызметін асыра пайдаланды", "Кінәсіздерді жауапқа тартты" деген айыптар тағылған. Ол әскери прокуратураның сұрауы бойынша ұсталған екен.

Өзбекстандағы Тәуелсіз құқық қорғаушылар бастамашыл тобының жетекшісі Сурат Икрамов Тоймуроз Алимов түрмелерге кураторлық жасап, тұтқындарға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсетіп келген деген ақпаратты жиі естігенін айтады.

Икрамовтың айтуынша, Алимов "құпия сақталуы керек оқиғалардың куәсі болған азаматтардың көзін құрту" ісінің фигуранттарының бірі болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG