Ссылки доступа

Өзбекстан көкөніс және жеміс-жидек экспортын екі есеге арттырмақ


Өзбекстан биыл көкөніс өнімдері экспортын екі есеге арттырмақ. Ел президенті Шавкат Мирзияев үкіметке осындай тапсырма берді. Ол импортты азайтып, экспортты көбейтуді ұсынды деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Былтыр Өзбекстанға көкөніс және жеміс-жидек өнімдерін шетелге шығаруы 700 млн доллар табыс әкелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 15,6 пайызға көп. Енді биыл көкөніс экспортын 1,4 млрд долларға жеткізбек.

Сонымен бірге президент аймақтың барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, мақта және бидай егуден босаған 150 мың гектар жерге заманауи жылыжай салып, көкөніс, жеміс-жидектерді сақтайтын салқын қойма салуға тапсырма берген.

Өзбекстан президенті көкөніс экспортына байланысты логистикалық орталық құру үшін арнайы "жол картасын" қабылдауды да тапсырған.

XS
SM
MD
LG