Ссылки доступа

Ресей хакерлері Германия үкіметін шабуылдады деген күдікке ілінді


Германияның сыртқы істер министрлігі мен қорғаныс министрлігінің серверлеріне хакерлік шабуыл жасалды деп хабарлайды DPA ақпарат агенттігі. Агенттіктің дереккөзіне қарағанда, кибершабуылға Ресеймен байланысы бар Fancy Bear тобының қатысы бар.

Хакерлер үкімет желісіне қауіпті бағдарлама енгізіп, кейбір құжаттарды ұрлаған делінеді. Германияның арнайы қызметі кибершабуыл жөнінде былтыр желтоқсан айында білген. Хакерлер былтыр жыл бойы министрліктің серверлеріне нұқсан келтіруі мүмкін делінеді. Қазіргі кезде мамандар серверлерге қаншалықты зиян келтіргенін анықтап жатыр.

Fancy Bear хакерлік тобы 2000 жылдары құрылған. Бұл топ АҚШ-тың Демократиялық партиясының, неміс парламентінің және француздың TV5 телеканалының серверлері бұзылғаннан кейін ғана белгілі болды. Бұл топтың ресейлік билікпен байланысы бары айтылады. Бірақ Кремль жоққа шығарып келеді.

XS
SM
MD
LG