Ссылки доступа

Түркіменстан президенті 8 наурызда әйелдерге 11 доллардан үлестіреді


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтың Халықаралық әйелдер күніне ақшалай сыйлығы биыл 40 манат немесе 11,4 доллар болып белгіленді.

28 ақпанда мемлекет басшысы 40 манат көлемінде ақшалай сыйлықты 1-6 наурыз аралығында әйелдерге үлестіру туралы жарлық қабылдады.

Ресми баспасөздің хабарлауынша, сыйлық кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істейтін, сонымен бірге зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы алатын, аспирантура мен докторантурада, клиникалық ординатурада оқитын әйелдерге, бұған қоса студенттерге, оқушыларға және балалар бақшасындағы тәрбиелеушілерге беріледі.

Президенттік ақшалай сыйлығы Түркіменстанда әйелдерге жылда үлестіріледі. Сыйлықтарды табыстау салтанатын әдеттегідей мемлекеттік телеарналардан көрсетеді.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін 2008 жылы президент Гурбангулы Бердымұхамедов қайтадан мереке ретінде бекіткен.

XS
SM
MD
LG