Ссылки доступа

Өзбекстанда беделді прокурор мен оның отбасы мүшелері ұсталды


Иллюстративті фото.

Өзбекстан ІІМ Ташкент қаласы прокурорының бұрынғы орынбасары, 68 жастағы Мираглам Мирзаевқа (лақап аты «Антибиотик») қарсы қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қылмыстық іс аясында Мирзаевтың әйелі мен ұлы ұсталған.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Ташкент қалалық басқармасының бөлім басшысы, 42 жастағы Абдурашид Мирзаев (Мираглам Мирзаевтың ұлы) және Ташкент қаласы Юнусабад ауданы Адвокаттар алқасының төрайымы Мухаббат Хасанова (Мираглам Мирзаевтың әйелі, лақап аты («Кардинал») ұсталған.

Мираглам Мирзаевтың көршісі 23 ақпанда үйіне қара маска киген бір топ адам кіріп, Мирзаевтың басына қап кигізіп алып кеткенін айтады.

ІІМ мәліметі бойынша, Мираглам Мирзаев пен оның әйелі Мухаббат Хасанова бұрынғы бас прокурор Рашид Кадыров ісіне байланысты ұсталған.

Бұрынғы бас прокурорға қарсы қозғалған қылмыстық іс аясында оның орынбасары болған, 45 жастағы Улугбек Суннатов пен өмірден өткен президент Ислам Каримовтің кеңесшісі болған Жамшид Файзиев та ұсталған.

Мираглам Мирзаев Өзбекстан прокуратурасындағы ең ықпалды адамдардың бірі болған. Президент Шавкат Мирзияев күш құрылымдарын сынға алғаннан кейін, ол бірден қызметінен алынған.

XS
SM
MD
LG