Ссылки доступа

VISA: Түркіменстанда қызмет көрсету тоқтатылған жоқ


VISA компаниясы Түркіменстанда карта бойынша операция жүргізу тоқтатылды деген ақпаратты теріске шығарды.

"Түркіменстан республикасында VISA барлық банк-әріптестерге қызмет көрсетуін жалғастырып жатыр. Біз өзге банктерге қызмет көрсетуді тоқтатқан жоқпыз", - делінген VISA компаниясының Орталық Азия елдері бойынша бас менеджері Ғалым Табылдиев мәлімдемесінде.

Visa компаниясы ресми хатында картаны қолданушыларға қиындық туған кезде, банк-эмитентке хабарласуды ұсынған.

25 ақпанда Сенагат банкі мен Мемлекеттік Сыртқыэкономикалық банкі жағдайды Азаттық тілшісіне түсіндірген. Банк шенеуніктері қаңтар айының екінші жартысынан бастап VISA картасы бойынша қаржылық операция түркімен билігі тарапынан тоқтатылғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG