Ссылки доступа

Өзбекстанда қылмыстық топпен байланысы бар деген күдікпен тағы прокурор ұсталды


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

1 наурызда Өзбекстанның әскери прокуратурасы Термез қаласында Сұрқандария облысы Кизирик ауданы прокурорының орынбасары Шерали Ахмедовты қамауға алды.

Облыстық прокуратура қызметкерінің мәліметіне қарағанда, 37 жастағы прокурор Ахмедовке қылмыстық топпен байланысы бар деген күдік келтіріліп отыр. Тергеу бұл қылмыстық топты Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Сұрқандария облысының тергеу басқармасының бұрынғы басшысы Нодирбек Туракулов құрған деп есептейді.

"Менің білуімше, Шерали Ахмедов кәсіпкерлерден пара алып, оны Нодир Туракуловқа берген деген күдікке ілінген", – деді прокуратура қызметкері.

Күдіктінің әкесі Жура Ахмедов ұлының ақшаны кәсіпкерермен бірге Туракулов кеңсесіне апарғанын растады.

"Ұлым Шерали бұл ақша мемлекетке түседі деп ойлаған". - дейді күдіктінің әкесі.

Еске салайық, арнайы қызмет Нодирбек Туракуловты биыл 22 қаңтарда Ташкентте ұстаған. Бұның алдында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев арнайы қызметтің Сұрқандария облысындағы басқармасын сынаған еді.

XS
SM
MD
LG