Ссылки доступа

Бішкекте митингке шыққандар сот жүйесін тазалауды талап етті


Бішкектегі Жоғарғы сот ғимаратының алдында сот жүйесін тазалауды талап етушілердің митингі өтті. Оған шамамен 50-70 адам қатысқан. Акцияға қатысушылар жұмыстан шығарылуы тиіс судьялардың есімдері жазылған плакаттар ұстап тұрды.

Митингке қатысушылар кейін "Ақ үйге" қарай бет алды.

Бұның алдында акцияны ұйымдастырушылардың бірі Рита Карасартова судьялардың "қара тізімін" әзірлегенін айтқан. "Оған журналистерді қудалаған судьялар да кірді", - деді ол.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қауіпсіздік кеңесінің отырысында судьялардың жұмысы туралы мәлімдеген. "Қаншама азамат соттан әділдік таппай жүр" деді президент.

Акция өткен орынды милиция қоршап тұрды.

Бүгін, 5 наурызда, президенттің баспасөз қызметі сот жүйесінің қызметкерерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

XS
SM
MD
LG