Ссылки доступа

Душанбедегі саябаққа өзбек ақыны Әлішер Навоидің есімі берілді


Тәжікстан астанасындағы саябаққа танымал өзбек ақыны әрі ойшылы Әлішер Навоидің есімі берілді. Ел президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа саябақ Тәжікстан мен Өзбекстан халықтары достастығының символына айналады.

Тәжік үкіметінің 5 наурызда қабылдаған қаулысына сәйкес, астана әкіміне саябаққа Әлішер Навои есімін беру туралы ұсынысты Душанбе қалалық халық мәжілісі депутаттарының қарауына өткізу тапсырылған. Бұған қоса саябақта өзбек ақынының ескерткіші орнатылады.

Бұл уақытта, 6 наурызда таңертең өзбек кәсіпкерлерінің үлкен тобы "Made in Uzbekistan" көрмесіне қатысу үшін Душанбеге келді. Тауарлар көрмесі Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің тәжік астанасына мемлекеттік сапары аясында өткізіледі. Мирзияев Душанбеге 9 наурызда келеді.

Өнеркәсіп көрмесіне Өзбекстанның 400 кәсіпкері қатысады.

XS
SM
MD
LG