Ссылки доступа

Лола Каримова-Тилляева: Өзбекстан гимнастика федерациясы басшылығынан кетуге мәжбүрмін


Лола Каримова-Тилляева. Фото с ее страницы в Facebook'е.
Лола Каримова-Тилляева. Фото с ее страницы в Facebook'е.

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың ккенже қызы Лола Каримова-Тилляева гимнастика федерациясы президенті қызметінен кетуге мәжбүр болғанын мәлімдеді. Бір ай бұрын ол Өзбекстанның ЮНЕСКО-дағы елшісі қызметінен кеткен еді.

«…13 жыл басқарған Өзбекстан гимнастика федерациясынан кетуге мәжбүрмін. Мен барлық спортшыларды, бапкерлерді, федерацияның барлық қызметкерлеріне жемісті жұмысы үшін алғыс білдіремін!», – деп жазды Лола Каримова-Тилляева Instagram’дағы парақшасына.

Азия гимнастика одағының құрметті президенді атағын сақтап қалғанын айтты. Өзбекстан гимнастика федерациясы президенті қызметінен кетуге не себеп болғанын Лола айтқан жоқ.

Еске салайық, 2 ақпанда февраля Лола Каримова-Тилляева Өзбекстанның ЮНЕСКО-дағы елшісі қызметінен кеткенін Facebook’тегі парақшасы арқылы жариялаған еді. Бұл қызметте ол 2008 жылдан бері отырған.

Лола елшілік қызметінен кеткісі келетінін өткен жылы тамызда алғаш рет мәлімдеген еді. Сол кезде Каримова-Тилляева түрлі салалардағы жобаларын жүзеге асырғысы келетін айтқан.

Қазіргі таңла Лола Каримова-Тиллаева "Сен жалғыз емессің" "Sen Yolg'iz Emassan" қамқоршылық кеңес басқарып, Азия гимнастика президенті гимнастикасын қоса алып жүр.

XS
SM
MD
LG