Ссылки доступа

Ислам ынтымақтастық қоры Қырғызстандағы білім жобаларына 100 мың доллар бөледі


Қырғызстанның Сауд Арабиясындағы төтенше және өкілетті елшісі Абдулатиф Жумабаев Ислам ынтымақтастық қорының директоры Ибрахим бин Абдалла Әл-Хузеймимен кездесті. Бұл туралы Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Елшінің айтуынша, кездесуде білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сонымен бірге білім беру жобаларын қолдау мәселелері талқыланған. "Әл-Хузейми қордың Қырғызстанға 100 мың доллар білім грантын бөлуге дайын екенін айтты", - делінген хабарламада.

Ислам ынтымақтастық қорын құру туралы шешім 2005 жылы Ислам Әріптестігі ұйымының үшінші саммитінде қабылданған еді. Қор ұйымға мүше елдерде сауатсыздықты қысқартуға үлес қосып, жұқпалы аурулармен күреседі.

Ислам ынтымақтастық қоры Қырғызстанға бұған дейін де қайтарымсыз көмек берген еді.

XS
SM
MD
LG