Ссылки доступа

Трамптың бұрынғы көмекшісі "Ресей ісіне" қатысты әріптестіктен бас тартты


Russia -- Federal Bureau of Investigation(FBI)Director Robert Mueller testifies during a hearing of the Senate Appropriations Committee's Commerce, Justice, Science, and Related Agencies Subcommittee on Capitol Hill May 16, 2013
Russia -- Federal Bureau of Investigation(FBI)Director Robert Mueller testifies during a hearing of the Senate Appropriations Committee's Commerce, Justice, Science, and Related Agencies Subcommittee on Capitol Hill May 16, 2013

Дональд Трамп сайлауалды штабының бұрынғы кеңесшісі Сэм Нанберг Ресейдің америкалық сайлауға ықпал жасау мүмкіндігі туралы іс бойынша әріптестіктен бас тартқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол MSNBC телеарнасына берген сұхбатында хабарлаған.

Нанбергтің айтуынша, ол 80 сағат бойы тергеуге араласып, Трамптың бұрынғы кеңесшілері Стив Бэннон мен Роджер Стоунмен арадағы хаттарды қайта қарап шыққысы келмейді. Нанберг арнайы прокурор Роберт Мюллердің тергеуге шақыруын "жөнсіздік" деп атады. Бұған қоса ол Трамп пен Ресей сөз байласқан дегенді жоққа шығарды.

Бұған дейін Роберт Мюллер ел президенті Дональд Трамп пен оның кеңесшілерінен 2015 жылғы хаттар мен құжаттарды беруін сұраған.

АҚШ Ресейдің америкалық сайлауға ықпал жасау мүмкіндігін тергеп жатыр. Арнайы прокурор Мюллер сайлауда жеңіске жету үшін Трамптың Кремльмен сөз байласқан-байласпағанын анықтауға тырысады. Мюллер Трамптың бірнеше көмекшісі мен Ресейдің 13 азаматына айып тағып үлгерді. Мәскеу АҚШ-тың 2016 жылғы президенттік сайлауына ықпал жасады дегенді жоққа шығарды.

Сэм Нанберг 2011 жылы Трамппен бірге жұмыс жасай бастап, ең танымал саяси кеңесшіге айналған. Бірақ Трамп штабы оны 2015 жылы тамызда жұмыстан шығарып жіберген.

XS
SM
MD
LG