Ссылки доступа

Өзбекстанның бұрынғы бас прокурорына түскен шағымдар құны - жарты миллиард доллар (аудио)


Бывший генеральный прокурор Узбекистана Рашид Кадыров (в центре в первом ряду) председательствует на заседании генеральных прокуроров государств-членов ШОС. Ташкент, 8 октября 2014 года.
Бывший генеральный прокурор Узбекистана Рашид Кадыров (в центре в первом ряду) председательствует на заседании генеральных прокуроров государств-членов ШОС. Ташкент, 8 октября 2014 года.

Өзбекстан Бас прокуратурасының арнайы тобы бұрынғы бас прокурор Рашид Қадыровқа тиесілі бизнес құрылымдарда ауқымды тексеру жүргізе бастады. Шенеунік пен оның отбасы мүшелерінің мүліктері мөрленіп жатыр.

Қадыров әрекеттерінен жәбір көрді делінетін тұлғалардан жарты миллиард доллардың шағымы түскен. Өзбекстан ішкі істер министрлігіндегі бірқатар шенеуніктердің мәлімдемелеріне қарағанда, "Инфинбанкте", Flagman сауда желісінде және Мемлекеттік кеден комитетінде тексеру жүріп жатыр.

Тексеру кезінде Flagman сауда желісінің басқарушысы, сонымен бірге Кеден комитетінің бұрынғы басшылары қамауға алынды.

"Инфинбанк" "қожайыны" Фарход Мамажонов бұрынғы бас прокурор Рашид Қадыровтың ұрлықы ақшасын заңдастырумен айналысты делінеді. Қаржы мекемесінің бұрынғы қызметкері бұл қаражат Дубай мен Ригадағы банктер арқылы швейцариялық банктерге аударылғанын айтқан.

Дереккөздер мәліметтеріне қарағанда, Қадыровқа "сыйлық" жасауға мәжбүр болған бірнеше кәсіпкер арызданған. Олар өткізген арыздардың жалпы құны жарты миллиард доллар деген мәлімет бар.

XS
SM
MD
LG