Ссылки доступа

Өзбекстан билігі 17 жылға сотталған тәжік бақташысына рақымшылық жасады


Өзбекстанда 17 жылға сотталған Тәжікстанның Панчакент ауданының тұрғыны туыстарына хабарлап, өзіне рақымшылық жасалғанын, Наурыз мейрамына қарсы үйіне оралатынын айтқан.

Фароб Панчакент ауданының тұрғыны Сулаймон Буриев 2013 жылы қой бағып жүріп, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп кеткені үшін 17 жылға сотталған. Кейін оның жазасын жеті жылға қысқартқан.

Сулаймон Буриевтің анасы Норчучук Эшмуродова ұлының үш рет қоңырау шалғанын қуана хабарлады. «Ол кеше кешкісін звондады. Оны Навои қаласындағы түрмеден жалпы қоныстану мекемесіне ауыстырыпты. Ол қазір әйнек зауытында жұмыс істейді», - деді Норчучук Эшмуродова.

Сулаймонның әкесі Мардон Буриевтің сөздерінше, ұлының түрмеден босап шығуына үш жыл қалған. Бірақ Өзбекстан билігі Наурыз мейрамы қарсаңында рақымшылық жасаған.

Үш жыл бұрын Сулаймонның анасы қиындықпен виза алып, Өзбекстанға барып, ұлымен кездескен. Сол кезде ұлы тергеу абақтысында 28 күн бойында оны "тәжік арнайы қызметімен байланысыңды мойында" деп азаптағанын, ұрып-соққанын айтқан.

XS
SM
MD
LG