Ссылки доступа

Түркіменстан бірнеше тауар түріне кеден салығын алып тастайды


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов 2 наурызда шетелден әкелінетін бірнеше тауар түріне кеден салығын алып тастайтын жарлыққа қол қойды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мемлекет басшысы мұндай шешімді "шетелге өнім шығаратын және әкелетін кәсіпкерлерді қолдау" үшін қабылдаған. Бұған қоса, 9 ақпанда "ішкі нарықты жұмыртқа мен тауық етімен қамтамасыз ететін, бұл өнімдерді шетелге шығаратын құс шаруашылығы кешендерін салу" туралы мәселе көтерілген.

Түркіменстанда өткен жылдың желтоқсанында жұмыртқа қымбаттап кетті. Бір аптаның ішінде оның бағасы 80-100 пайызға көтерілді.

Биыл наурыз айының басында елдегі бірқатар шаруашылықта үй құстары белгісіз вирустан қырылғаны хабарланған. Азатлык дереккөзінің мәліметі бойынша, Түркіменстанның солтүстік өңірлерінде кем дегенде ондаған қанатты қырылған.

Түркіменстан халқы өткен жылдың аяғынан бері азық-түлік, әсіре ұн тапшылығын тартып келеді.

XS
SM
MD
LG